Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Рахимовтан жеңілген мысырлық атлет қазақстандықты допинг қолданды деп тұспалдады

11 Тамыз 2016, 19:24
0
© theguardian.com
© theguardian.com

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мысырлық Мохаммед Махмуд қазақстандық чемпион Нижат Рахимовтың қанында допинг бар деген тұспалын айтты, - деп хабарлайы Eurosport. Спортшы Рахимовтың тыйым салынған препараттарды қолданғаны үшін алып қалған дисквалификациясынан кейін 2015 жылы помостқа оралған соң көрсеткіштері тым жылдам өсіп кеткен деп күмәнданды.

"Допинг-бақылаудан өткеннен кейін кейбір жағдайлар өзгеруі мүмкін. Аз уақыттың ішінде ештеңе шешілмейді", - деді Махмуд.

Ал қытайлық БАҚ-тар Рахимовтың алған алтынын Қытайға беру керек деп шулап жатыр екен. Айтуларынша, қазақстандық ауыратлет зілтемірді көтерген соң қозғалақтаған. Алайда күміс жүлде алған қытайлық спортшы Люй Сяоцзюнь "өзінің әділ жеңілгенін" мәлімдеп отыр екен.

Айта кетейік, Мысыр спортшысы Мохаммед Махмуд 361 ұпаймен үшінші орын алған еді. Ал күміс медаль 2012 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы қытайлық Люй Сяоцзюньге бұйырды. Ол жұлқа көтеруде жаңа әлем рекордын жаңартты (177 келі), бірақ ол Рахимовтан қосымша көрсеткіштер бойынша жеңілді, - деп жазады Vesti.kz.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай