Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресей - Алжир және Германия - АҚШ матчтарын қайдан қараймыз?

26 Маусым 2014, 16:05
0
©Nbnews.com.ua
©Nbnews.com.ua

Бүгін әлем чемпионатының он бесінші күні "G" және "H" тобындағы құрамалар топтық кезеңнің соңғы ойындарын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Он бесінші ойын күнін "G" тобындағы командалар бастайды. Астана уақытымен 21.50-де басталатын АҚШ және Германия құрамалары арасындағы кездесуді "Еуразия" Бірінші арнасы" тікелей көрсетеді. Бұл топтағы Португалия - Гана матчын "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport арнасы тікелей таратады.

Ал Астана уақыты бойынша сағат 01.50-де "H" тобындағы ойындар басталады. "H" тобындағы  Ресей және Алжир құрамалары арасындағы кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport арнасынан көре аламыз. Ойын 47 мың жанкүйерге лайықтап салынған "Арена Байшада" стадионында өтеді. Қос құрама арасындағы матчты түркиялық төреші Джюнейт Чакыр қазылық етеді. Оған қос қапталда отандастары Бахаттин Дуран мен Тарик Онгун көмектеседі. Дәл осы уақытта "Еуразия" Бірінші арнасы" бұл топтағы Корея және Бельгия құрамалары арасындағы матчты ұсынады.

Айта кетейік, кеше Швейцария - Гондурас құрамаларының арасындағы кездесуге еуропалық команданың жартылай қорғаушысы Джердан Шакири үш гол соғып, әлем чемпионаттары тарихындағы 50-ші хет-триктің авторы атанды.  

Еске салайық, Бразилия жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда белгілі болды. Олар - Бразилия, Мексика, Голландия, Чили, Колумбия, Грекия, Коста-Рика, Уругвай, Франция, Швейцария, Аргентина, Нигерия. Бүгін құрамалардың қатарына тағы төрт ұжым қосылады. Ал әлем чемпионатының плей-офф кезеңі 28 маусым күні басталады. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай