Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.05
EUR / KZT - 394.49
CNY / KZT - 50.63
RUB / KZT - 5.85

Ресей бокс құрамасы "Астана арландары" командасына қарсы шығар құрамын өзгертті

28 Қаңтар 2014, 14:21
0
Эдуард Абзалимов жарақатына байланысты саптан шығып қалды. Сурет ria.ru сайтынан
Эдуард Абзалимов жарақатына байланысты саптан шығып қалды. Сурет ria.ru сайтынан
Бокстан Ресей құрамасы "Астана арландары" командасына қарсы шығар құрамын өзгертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Нақты айтсақ, ресейліктер 56 келідегі "арланымыз" Мейірболат Тойытовқа қарсы бұған дейін жарияланғандай Эдуард Абзалимовты емес, Никита Федорченконы шығармақ.

"Р-Спорт" агенттігіне сұхбат берген Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Лебзяктың сөзіне сүйенсек, Абзалимов жарақат алып қалыпты. "Өкінішке қарай, "Астана арландары" командасына қарсы кездесуде бір боксшымызды алмастыруға мәжбүр болып отырмыз. 56 келідегі Эдуард Абзалимовтың жарақаты асқынып тұр. Толық емделуіне уақыт бердік. Оның орнына Алматыға Ресей чемпионатының 2013 жылғы қола жүлдегері Никита Федорченко барады", - деді Лебзяк.

Айта кетейік, бұл 20 жасар Федорченконың WSB додасындағы тұсаукесер жекпе-жегі болмақ. Сондай-ақ, қонақтар сапында 64 келідегі Григорий Лизуненко мен 91 келідегі Алексей Егоров та бірінші рет WSB жобасы аясында шаршы алаңға шығатын болады.

Алайда, "Астана арландары" сапында да дебютті кездесуін өткізетін боксшы бар. Атап айтсақ, 49 келідегі Азамат Исақұлов бұған дейін бірде-бір рет WSB додасында өнер көрсетпеген.

Естеріңізге сала кетсек, "Астана арландары" мен Ресей құрамасы арасындағы жекпе-жек кеші 1 ақпан күні Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Дәл қазір "Арландар" 13 ұпаймен "В" тобында екінші орында болса, дәл осынша ұпайы бар ресейліктер үшінші сатыға табан тіреген. Көш басында 18 ұпаймен Куба "Жуасытушылары".

"Астана арландары" - Ресей құрамасы

49 келі: Азамат Исақұлов – Бэлик Галанов
56 келі: Мейірболат Тойытов – Эдуард Абзалимов
64 келі: Асхат Уәлиханов – Григорий Лизуненко
75 келі: Сергей Деревянченко – Петр Хамуков
91 келі: Василий Левит – Алексей Егоров

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай