06 желтоқсан 2017 09:20

Ресей құрамасы Олимпиададан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Халықаралық Олимпиада комитеті атқарушы комитетінің шешімімен Ресейдің Олимпиада комитеті Олимпиададан шеттетілді, - деп хабарлайды РИА Новости ХОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап.


Халықаралық Олимпиада комитеті атқарушы комитетінің шешімімен Ресейдің Олимпиада комитеті Олимпиададан шеттетілді, - деп хабарлайды РИА Новости ХОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап.

"ХОК-тың атқарушы комитеті Самуэль Шмидтің баяндамасын мақұлдаған соң Ресейдің Олимпиада комитетін шеттету туралы шешім қабылданды, шешім жедел түрде күшіне енеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресейлік спортшыларға 2018 жылы Пхенчханда өтетін ойындарға Олимпиада туымен қатысуға рұқсат берілгені айтылады. Айтуларынша, Олимпиада ойындарына "таза" ресейлік спортшылар ғана қатыса алады.

ХОК шешімімен РФ вице-премьері Виталий Мутко Олимпиада ойындарына қатысудан өмір бойынша шеттетілді.

ХОК мұндай шешімді екі комиссияның негізінде қабылдады. Бірінші комиссия Денис Освальдтың басшылығымен жүргізілген, онда олар Сочидағы Олимпиада ойындарына қатысқан ресейлік спортшылардың допинг сынамаларын қайта тексеріп шыққан. Тексеріс қорытындысы бойынша, Ресей 11 марапаттан айырылған. Екінші комиссия Швейцарияның экс-президенті Самуэль Шмидтің басшылығымен жүргізілген. Олар ресейлік допингке қарсы жүйеге мемлекеттің қаншалықты араласқаны жайлы мәліметті тексерген.


ХОК басшысы Томас Бах (сол жақта). © REUTERS

ХОК басшысы Томас Бах шеттету туралы шешімге пікір білдіре отырып, Халықаралық Олимпиада комитетінің спорттық шешімді қабылдағанда саяси көзқарасты ұстанбайтындарын мәлімдеді. "Саяси басшылар мен біздің спонсорлар ХОК-тың бейтарап ұйым екенін түсінеді және біз шешім қабылдағанда қандай да бір саяси көзқарасты ұстанбаймыз. Барлығы бейтараптылықты ұстанады", - деді Томас Бах журналистерге.

Басылымның мәліметінше, ресейлік тарап сынамаларынан допинг табылмаған барлық спортшының Олимпиада ойындарына қатысуға құқы бар екенін айтып отыр. Айта кетейік, қазанда Владимир Путин Олимпиада ойындарынан шеттетілудің мемлекет үшін кемсіту екенін айтқан болатын.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети