Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Гонконқа ұшып келгенде оның жанкүйерлері арасында ажиотаж туды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт жаңалықтары ресурсы Hk.apple.nextmedia.com порталына сілтеме жасап.

Сабина Алтынбекова жанкүйерлерімен кездескен кезде рейстің кідіруі салдарынан кешігіп қалғанын айтып, күттіріп қойғаны үшін кешірім сұрады. Бірақ оның кешігуі жиналған жұрттың көңіл-күйін түсірмеді. Волейболшы қыз жанкүйерлерін жақсы көретінін айтып, селфиге түсті.
Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекованың Гонконг волейбол құрамасымен тәжірибе алмасатыны хабарланған болатын. Бұған қоса, Гонконгте 18 жастағы спортшы жергілікті танымал жұлдыздармен және өзінің табынушыларымен кездеседі. "Гонконгқа баруды жоспарлап отырмын. Сапарымның мақсаты - ойыншылармен тәжірибе алмасу. Мен волейболшылармен кездесемін, командамызбен жалпы жаттығу болады. Танымал адамдармен және, әрине, менің сүйікті ісім - фанаттармен кездесу болады", - деді Сабина Алтынбекова. Волейболшы Жаңа жылды тұңғыш рет Ақтөбеде емес, шетелде қарсы алғалы отыр.