27 шілде 2014 00:23

Сабина Алтынбекованың өзі Интернеттегі танымалдығына таңданып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова. ©Instagram.com/altynbekova_11 Сабина Алтынбекова. ©Instagram.com/altynbekova_11

Қытайда миллиондаған табынушының кумиріне айналған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова елге келіп, Vesti.kz порталына оңаша сұхбат берді.


Қытайда миллиондаған табынушының кумиріне айналған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова елге келіп, Vesti.kz порталына оңаша сұхбат берді.

"Шынымды айтсам, менің өзім қатты таңғалдым. Мен халықаралық жастарда елге қандай да бір пайда әкелуді қалайтын Қазақстанның қарапайым қызымын. Мұндай танымалдық мені таңғалдырды", - дейді 17 жастағы ақтөбелік спортшы.

Сабинаның айтуынша, Тайпейде оны жанкүйерлер жүргізбей қойған. "Неге екенін білмеймін, өзімді де осы сұрақ ойландырады. Неге мен ғана? Маған сондай жылы лебіздер, сыйлықтар ұсынып жатыр, әрине, бұл ұнайды. Бірақ ең бастысы, әлемде Қазақстанды да осылай таныса деймін. Азияда қазір көпшілік біздің туымызбен суретке түсіп жатыр, бізге жанкүйер болып жатыр", - дейді Сабина.

Волейболшы Тайпейде Қазақстанның көпшілікке тегіс танылғанын айтады. Алтынбекованың айтуынша, оның Twitter-де аккаунты жоқ, ал Ask me сервисіндегі бетін өшірген. "Менің Instagram мен "ВКонтакте"-де ғана аккаунттарым бар, бірақ бұл желілерде фейктер көп, адамдардың неге бұлай жасайтынын түсінбеймін", - дейді қыз.

Волейболшы сұхбатының толық нұсқасын оқыңыз. 

Волейболдан Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Сабина Алтынбекова Қытай жанкүйерлері мен Интернет тұтынушылары арасында зор танымалдыққа ие болған еді. Тайпейде өткен Азия чемпионатында Сабина көрермендер мен журналистердің назарын бірден өзіне аударған. Табынушылардың айтуынша, қыздың көркі жапон анимесі кейіпкерлеріне ұқсайды. Жасөспірімге түрлі сыйлық тарту етушілер мен сурет арнаушылар көбейіп кетті. Ал әлеуметтік желідегі оқырмандары ә дегеннен 200 мың адамнан асты.

Сабинаның бапкері жас спортшының мұндай танымалдығы жастар құрамасына кері әсер етуі мүмкін деп есептейді. Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, қыздар командасының өзге мүшелері мұндай жайтты ауыр қабылдауы ықтимал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети