Сабина Алтынбекова келгенде Гонконгтағы жанкүйерлері дүрлігіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова келгенде Гонконгтағы жанкүйерлері дүрлігіп қалды ©Hk.apple.nextmedia.com

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Гонконқа ұшып келгенде оның жанкүйерлері арасында ажиотаж туды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт жаңалықтары ресурсы Hk.apple.nextmedia.com порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Гонконқа ұшып келгенде оның жанкүйерлері арасында ажиотаж туды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт жаңалықтары ресурсы Hk.apple.nextmedia.com порталына сілтеме жасап.

Сабина Алтынбекова жанкүйерлерімен кездескен кезде рейстің кідіруі салдарынан кешігіп қалғанын айтып, күттіріп қойғаны үшін кешірім сұрады. Бірақ оның кешігуі жиналған жұрттың көңіл-күйін түсірмеді. Волейболшы қыз жанкүйерлерін жақсы көретінін айтып, селфиге түсті. 

Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекованың Гонконг волейбол құрамасымен тәжірибе алмасатыны хабарланған болатын. Бұған қоса, Гонконгте 18 жастағы спортшы жергілікті танымал жұлдыздармен және өзінің табынушыларымен кездеседі. "Гонконгқа баруды жоспарлап отырмын. Сапарымның мақсаты - ойыншылармен тәжірибе алмасу. Мен волейболшылармен кездесемін, командамызбен жалпы жаттығу болады. Танымал адамдармен және, әрине, менің сүйікті ісім - фанаттармен кездесу болады", - деді Сабина Алтынбекова. Волейболшы Жаңа жылды тұңғыш рет Ақтөбеде емес, шетелде қарсы алғалы отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети