Сауат Мыңбаев күрес федерациясына президент болды

12 Наурыз 2014, 16:32
0
Сауат Мыңбаев күрес федерациясына президент болды - Суретті күрес федерациясы ұсынды
Суретті күрес федерациясы ұсынды
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясында басшы ауысып, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев президент болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының кезектен тыс жиыны өтіп, онда осы спорт түрінің басшысы ауысты. Атап айтқанда, бұл лауазымды қызметке "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев сайланды.

Бұл жөнінде ҚР спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі ақпарат таратты. Ал ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы осы конфедерацияның құрамына кіреді.

Жалпы, бұл федерацияны 2011 жылдан бері "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали басқарып келген-ді. Енді Серік Сұлтанғали еліміздегі күрес федерацияның құрметті президенті болып, президент Сауат Мыңбаев болатын болды.

Еліміздің күрес федерациясының кезектен тыс жиынына ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков, еліміздің даңқты палуандары – Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов қатысты.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай