01 қазан 2014 15:37

Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазанның 3-5-і аралығында Семей қаласында қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазанның 3-5-і аралығында Семей қаласында қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оныншы рет өткелі отырған құрлық чемпионатына Қазақстан құрамасымен қатар, Пәкістан, Үндістан, Түрікменстан, Шри-Ланка, Бангладеш, Ирак, Қытай, Ливан, Иордания, Иран, Йемен, Сирия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан секілді мемлекеттерден 110 балуан қатысады.

Бұл жолғы чемпионаттың басты жаңалығы ерлермен қатар алғаш рет қыздар да Азия жүлдесі үшін күреседі. Бұрымдылар арасындағы медаль төрт салмақ дәрежесінде: -55 кг, -65 кг, -75 кг, +75 кг сарапқа салынады. Қазақстанның атынан Анна Казюлина, Олеся Куценко (55 келіге дейін), Зәмзәгүл Файзолланова, Файза Әділбаева (65 келіге дейін), Марина Мамонтова, Ақтолқын Смағанбетова (75 келіге дейін), Зарина Байбатина және Алмагүл Қашина (75 келіден жоғары) шығады делінген федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ерлер  -55 кг, -60 кг, -70 кг, -80 кг, -90 кг, +90 кг және абсолютті салмақ дәрежесінде белдеседі. Қазақстанның ерлер командасының құрамында: Талғат Шегенов, Қуат Бекбаев (55 келіге дейін), Абзал Арыстанбеков (60 келіге дейін), Нұржан Жұмажан (70 келіге дейін), Бегімхан Әділбеков (90 келіге дейін), Мереке Тұрашев (90 келіден жоғары) секілді спортшылар бар. Абсолютті салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын Айбат Сейтен мен 2013 жылғы "Қазақстан барысы" – Айбек Нұғымаров қорғайды.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети