Серік Сәпиев "Астана Арланс" клубына ресми түрде басшы болды

19 Қараша 2014, 17:22
0
Серік Сәпиев "Астана Арланс" клубына ресми түрде басшы болды - Серік Сәпиев. ©Tengrinews.kz
Серік Сәпиев. ©Tengrinews.kz
Серік Сәпиев "Астана Арланс" клубына ресми түрде басшы болды - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Әлемдік бокс сериясында өнер көрсететін (WSB) "Астана Арланс" қазақстандық клубы Серік Сәпиевтің директорлық қызметіне келгенін, ал Марат Жәкиевтің бас бапкер болып тағайындалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шешімді "Астана Арланс" клубының кеңесі шығарды. Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметіне осы жылы Ұлыбританиядағы оқуын бітірген соң кірісетін болады. Осыған дейін Vesti.kz спорт басылымына берген сұхбатында Сәпиев өзіне артылған үмітті ақтап шығуға уәде берген еді. "Маған мұндай маңызды әрі қызық жұмысты тапсырылғаны үшін қуаныштымын. Қазақстан спортына пайдам тиеді деген үміттемін және бокстың дамуына өз үлесімді қоса аламын деп ойлаймын. Сенімді ақтауға тырысамын", - деді Сәпиев өзінің тағайындалуы жайлы пікір білдіре отырып. Оған дейін команданы Болат Манкенов басқарды, ол мұның алдында отставкаға кеткен еді.   

Марат Жәкиев болса, Манкеновтан кейін қызметтен кеткен украиналық маман Сергей Корчинскийдің орнына келді. Айта кетейік, Жәкиев КСРО спорт шебері, КСРО құрамасының мүшесі болды, ал бокстағы мансабын аяқтаған соң бапкерлік қызмет атқарды. "Астана Арланс" клубына тағайындалуының алдында ол Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері және осы жылы өткен Азия ойындарының чемпионы Әділбек Ниязымбетовтың жеке бапкері болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай