26 наурыз 2014 10:03

"Севастополь" мен "Таврия" Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: telegraf.com.ua Сурет: telegraf.com.ua

Қырымның Ресей құрамына кіруіне байланысты Украинаның "Севастополь" және "Таврия" командалары футболдан Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін. Бірақ, бұл екі команда Ресей біріншілігіне қосылса, онда УЕФА аясындағы бірде-бір турнирлерге қатыса алмайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еуроодақ Қырымда өткен референдумды мойындамай отыр. Сондықтан да "Севастополь" мен "Таврия" Еурокубоктарға жолдама алатын болса, Еуропа футбол ассоциясы (УЕФА) бұл командаларды өзінің аясында өтетін турнирлерге қатыстырмайды. Одан бөлек, егер Ресей футбол федерациясы Қырымның қос командасын Ресей біріншілігіне қосатын болса УЕФА Ресейге де түрлі санкциялар қолданамыз деп отыр. Бүгінгі таңдағы Киев пен Мәскеу арасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты Украина мен Ресейдің кіл мықты командаларының басын қосатын Біріккен футбол лигасы да тек жоспар күйінде қалатын секілді. "Біз Қырымның командаларын футболдан Ресей біріншілігіне қосу үшін УЕФА, ФИФА мүшелерімен және басқа да футбол қауымдастықтарымен ақылдаса отырып шешеміз", - делінген бұл мәселеге байланысты Ресей футбол федерациясының ресми сайтында. Украина өз командаларын ешқайда жібермеуге мүдделі Өткен жылы Украина кубогының жартылай  финалынан қайтқан "Севастополь" бүгінде Украина біріншілінің 12 тур қорытындысы бойынша 11 орында болса, "Таврия" 15-сатыда орналасқан. Дегенмен, Украина футбол федерациясы (УФФ) Қырымның референдум жариялағанымен қос команданы да Украина біріншілігінде сақтап қалуға ниетті. "Елдегі орын алған қиын жағдайда біз адамдарды футбол арқылы біріктіргіміз келеді. "Севастополь" мен "Таврия" алдағы уақытта Украина біріншілігінде өнер көрсетеді деп сенеміз", - дейді бұл мәселеге байланысты УФФ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Павел Терновой. УФФ-ның вице-президенті Анатолий Попов ертеректе бұл екі команданың да басқа біріншілікте өнер көрсетпейтіндігін кесіп айтқан еді. Ал, "Севастополь" мен "Таврия"  жетекшілері бұл мәселе толық шешілмегенше, ешқандай пікір білдірмейтіндігін хабарлады. "Таврия" бас демеушісіз қалды Ресей футбол премьер-лигасының атқарушы директоры Сергей Чебан Қырым командаларына байланысты барлық мәселелер шешілгеннен соң, бұл командалар толығымен Ресейдің заңымен жүріп, Ресейдің командалары ретінде тіркелетін болатындығын жеткізді. Екі елде де футбол біріншіліктері қызған шағында "Севастополь" мен "Таврияны" Ресей біріншілігіне қосу техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Сондықтан да екі клубта 2013/14 жылғы маусымды Украина біріншілігінде аяқтауы мүмкін. Дегенмен, бұл мәселені шешудің тағы бір жолы, екі команданың Украина біріншілігінде өнер көрсетуін тоқтатып, Ресейдің жаңа маусымын күту. Оның үстіне бұл күндері "Таврия" командасы қаржылық тұрғыдан үлкен қысым көруде. Бұл туралы Қырымның вице-премьері Рустам Темірғалиев РИА Новостиға айтып берді. "Таврия" командасында қаржылық қиындық туындап тұр. Команданы бірнеше жыл қаржыландырып келе жатқан Украина олигархтарының бірі Аустрияда қамауда отыр", - дейді ол. Орайы келгенде айта кетейік, 13 наурыз күні Аустрияда АҚШ-тың ФТБ-сы украинадық бизнесмен Дмитрий Фирташты тұтқындаған болатын. Украиналық БАҚ-тың мәліметі бойынша, бұл азамат 3,3 миллиард доллармен елдің ең бай төртінші адамы екен. Дәл осы азамат бірнеше жылдар бойы "Таврия" командасын үздіксіз қаржыландырып келген. "Цхинвали" мен "Шерифтің" ізімен ... Кеңестік кезеңде мойындалмаған республикалардың клубтары өзге мемлекеттердің фубол біріншіліктерінде өнер көрсеткендері де бар. Мәселен, Тираспольдің "Шерифі" осы уақытқа дейін Молдавия біріншілігінде өнер көрсетіп, бұл елдің біріншілігінде 12 рет чемпион атанған. Сонымен қатар, Оңтүстік Осетияның "Спартак-Цхинвали" клубы Грузия біріншілігінде өнер көрсетіп жүр. Дегенмен бұл екі команда да өзге елдің біріншілігінде өнер көрсеткенде ол елдер тәуелсіздігін жариялап, өзге мемлекеттің қатарына қосылған жоқ. Ал Қырым болса Ресей федерациясына қосылмақ. Осы орайда Ресей футбол біріншілігінің (РФБ) құрметті президенті, 16 жыл ФИФА-ның вице-президенті қызметін атқарған Вячеслав Колосков екі команданың да Ресей біріншілігіне қосылуына заң тұрғысынан ешқандай кедергі болмайтындығын айтты. Олар РФБ-ның тұрақты мүшесі болса, онда Қырымның барлық әуесқой да, кәсіпқой да командалары Ресей біріншілігінде өнер көрсетуіне толық негіз бар. Бұл ФИФА-ның заңына қайшы келмейді", - дейді Колосков. Әрине, елдегі саяси жағдай тұрақтамай бұл мәселердің барлығы да шешілмейтіні анық. Оның үстіне Еуропарламент мүшелері Ресейге барлық жағынан санкция қолданып жатыр. Бұл ретте спорт та шет қалған жоқ. Бұл мәселелердің шет жағасын УЕФА 27 наурыз күні Астанада өтетін ұйымның кезекті конгресінде де қарастыратын болады. Ал, ФИФА Ресейдің футболына қандай шаралар қолданатыны 14 мамыр күні анықталады. Ал, ол уақытқа дейін бұл командалар заң жүзінде Украина біріншілігің командалары болып санала береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети