Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Шахматтан әлем чемпионы атанған Динара Сәдуақасоваға миллион теңге беріледі

22 Тамыз 2016, 16:50
0
Динара Сәдуақасова
Динара Сәдуақасова

Қазақстан шахмат федерациясы әлем чемпионы Динара Сәдуақасоваға миллион теңге көлемінде сыйақы береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалымжан Есенов Динара Сәдуақасованың жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. "Федерацияның және бүкіл қазақстандықтардың атынан жеңісіңізбен құттықтаймын. Қазақстан шахмат федерациясы жеңісіңізге байланысты миллион теңге көлемінде сыйақы бөлді. Сізге және жас қазақстандық шахматшыларға елімізді танытатын кәсіби жетістіктерге жетуді тілейміз. Үндістандағы әлем чемпионатында жеткен жеңіс - қазақстандық шахматшылар үшін үлкен жетістік", - деді Есенов.

Еске салайық, Үндістандағы Бхубанешварда жасөспірімдер арасында (20 жасқа дейін) өткен әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова қыздар арасында бірінші орынды иеленді. Осылайша Астана қаласының 19 жастағы тұрғыны әлем чемпионы атанды. 


Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметінің өкілдері жолдаған сурет.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова шахматпен 10 жасынан бастап айналысады екен. Сондай-ақ, ол бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы (Азия мен әлем чемпионаттарын қосқанда). Ал 2013 жылы Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивеситетінде оның шахмат клубы ашылған. Динара шахматтан басқа, жүзумен, көркем гимнастикамен және музыкамен айналысады екен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай