14 шілде 2022 14:21

Шавкат Рахмонов ММА рейтингінде үздік ондыққа ілікті

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жектен барлық салмақ дәрежесіндегі ең мықты боксшылар рейтингінде көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жектен барлық салмақ дәрежесіндегі ең мықты боксшылар рейтингінде көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаһандық рейтингтің жаңартылған нұсқасын MMAFighting порталы ұсынды. Рейтингке UFC, Bellator, ONE FC және топ-лигадағы спортшылар кіреді.

Рахмонов бұған дейін тізімде 13-орында болса, қазір 8-орынға көтерілді.

"Осы айда Рахмонов бес саты жоғарылап, 8-орынға көтерілді",- делінген порталда.

ММА жартылай орта салмақ рейтингі:

1. Камару Усман
2. Колби Ковингтон
3. Хамзат Чимаев
4. Леон Эдвардс
5. Гилберт Бернс
6. Белал Мухаммад
7. Ярослав Амосов
8. Шавкат Рахмонов
9. Висенте Луке
10. Шон Брэди
11. Стивен Томпсон
12. Майкл Кьеза
13. Логан Сторли
14. Роберто Солдич
15. Кевин Холланд

Еске салайық, Рахмонов кейінгі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста өткізіп, америкалық Нил Магниді мерзімінен бұрын жеңген болатын. Спортшы үшін бұл 16-жеңіс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети