Қазақстандық шорт-трекшілер Қазақстан қоржынына Универсиаданың қола жүлдесін салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық шорт-трекшілер Қазақстан қоржынына Универсиаданың қола жүлдесін салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
500 метрлік сайыстың ақтық финалына екі бірдей отандасымыз Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шыққан еді.
Бұл сайысқа қатысушылар бәсекені сөреден екі мәрте бастауға тура келді. Себебі, Ажғалиев бірінші мүмкіндігінде фальстарт жасады.
Жарысты екінші рет қайта бастаған Әжіғалиев мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде алса, Денис Никиша болса жарыстың басында құлап, сайыстан тыс қалды.
Бұл Қазақстан үшін 28-ші қысқы Универсиада ойындарында алып отырған 26 жүлдеміз. Қазір біздің қоржынымызда 10 алты, 5 күміс 11 қола жүлде бар.
Еске салайық, Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында шорт-трек жарысында қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев қола медаль жеңіп алған.