25 ақпан 2020 | 15:01

"Шындыққа жанаспайды". Сергей Морозов UFC-мен келісімшарт туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Фото: instagram.com/morozclub777

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4-0) әлемдегі ең танымал промоушен UFC-мен (Ultimate Fighting Championship) келісімшартқа отырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4-0) әлемдегі ең танымал промоушен UFC-мен (Ultimate Fighting Championship) келісімшартқа отырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов "Спорт-Экспресске" берген сұхбатында Сергей Морозовтың UFC-мен келісімшарт жасасқанын мәлімдеген еді. Алайда, Морозовтың айтуынша, оның командасы әлі келіссөз жүргізіп жатыр екен. 

Реклама
Реклама

"Қымбатты достар, интернетте менің UFC-мен келісімшартқа отырғаным туралы ақпарат шықты. Өкінішке қарай, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Командамызбен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақын арада сәтті аяқталады деп үміттенемін. Егер солай болса, команданың ресми парақшасынан біле аласыздар", - деп жазды Морозов Instagram желісіндегі парақшасында. 

Егер келіссөз сәтті болса, Морозов UFC-дегі үшінші қазақстандық болады. Бұған дейін промоушенмен Жалғас Жұмағұлов және Шавкат Рахмонов келісімшарт жасасқан болатын.

Морозов - жеңіл салмақта M1 Challenge чемпионы. Соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізген. M-1 Challenge105 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Джош Реттингхаустан ревнаш алып, титулын қорғап қалған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная