1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Үшінші қазақстандық файтер UFC-мен келісімшарт жасасты25 ақпан 2020, 10:46

Фото:instagram.com/morozclub777 Фото:instagram.com/morozclub777

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4-0) әлемдегі ең танымал UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушнімен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл туралы "Спорт-Экспресске" берген сұхбатында қазақстандық файтер, жақында UFC-мен келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов айтты. 

"Досым әрі клубтасым Сергей Морозов бар. UFC-мен келісімшарт жасасып қойды деуге де болады. Екеуіміздің дебютіміз бір күнде болатын шығар", - деді Жұмағұлов. 

Морозов - жеңіл салмақта M1 Challenge чемпионы. Соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізген. M-1 Challenge105 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Джош Реттингхаустан ревнаш алып, титулын қорғап қалған еді.  

Осылайша, Сергей Морозов UFC-дегі үшінші қазақстандық атанбақ. Бұған дейін промоушнмен Жалғас Жұмағұлов және Шавкат Рахмонов келісімшарт жасасқан болатын.