23 ақпан 2014 12:37

"Сочи - 2014" Олимпиадасы: соңғы күн кестесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпанның 23-і, яғни "Сочи -2014" Олимпиадасы ойындарының соңғы күні шаңғышылар, бобслейшілер мен хоккейшілер арасында үш медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандықтар бұл спорт түрлерінің біреуіне ғана қатысып, жүлдеге таласып көрмек. Онда қазақстандық шаңғышылар Евгений Величко, Сергей Черепанов, Марк Старостин мен Ердос Ахмадиев 50 шақырымдық еркін жүрісте жарыс алаңына шығады. Шаңғышылар жарысы Астана уақытымен 13.00-де басталып, "KazSport" және "Хабар" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. "Сочи-2014" Олимпиада ойынын Швеция мен Канада хоккейшілері арасында өтетін турнир қорытындылайды. Ол матч Астана уақытымен 18.00-де басталып, KazSport телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Соңғы күнгі жеңімпаздарды марапаттау және Олимпиаданың ойындарының жабылу рәсімі Астана уақытымен сағат кешкі 22.14-те басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети