20 қаңтар 2014 14:06

Сочи Олимпиадасы: Шаңғы спортынан Қазақстан құрамасы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шаңғышылар. Сурет custompublish.com сайтынан Қазақстандық шаңғышылар. Сурет custompublish.com сайтынан

Шаңғы жарысынан Қазақстан ұлттық құрамасының аға бапкері Владимир Сахнов Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының құрамы жайлы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл күндері Алматының маңындағы "Салт атты сай" шатқалында шаңғы жарысынан Қазақстан біріншілігінің бірінші туры өтіп жатыр. Кейбір бағдарламаларда спортшылар өз рейтингтеріне Халықаралық шаңғы жарысы федерациясының (FIS) ұпайларын қоса алады. "Сочиға нақ баратындардың қатарында Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Денис Волотка, Марк Старостин және Ердос Ахмадиев бар. Дегенмен, бірер күнде тағы 1-2 лицензия алып қаламыз. 18 қаңтарда Халықаралық шаңғы жарысы федерациясының рейтингі толығымен түзіліп болады. Ал 21 қаңтарда Олимпиадаға қатысатындардың қорытынды тізімі жарияланады. Міне, дүбірлі додаға кімдердің қатысатындықтары сол кезде белгілі болмақ. Жалпы, біздің Сочи Олимпиадасына лицензия алатын мүмкіндіктеріміз әлі де бар". Алайда, бапкерлер алқасы Сочи қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын әйелдер құрамын жариялауға әзірге дайын емес екен. Дегенмен, үміткерлер тізімінде 6-7 шаңғышы бар. Естеріңізге сала кетсек, Сочи Олимпиадасы ақпанның 7-сі мен 23-і аралығында өтеді. Дүбірлі доданың ресми ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын шаңғышы Ердос Ахмадиев көтеріп шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети