Сочи Олимпиадасының үздік спортшылары анықталды

26 Ақпан 2014, 15:49
0
Сочи Олимпиадасының үздік спортшылары анықталды - Дарья Домрачева. Сурет: wallpaperseries.com
Дарья Домрачева. Сурет: wallpaperseries.com
Халықаралық спорт журналистерінің қауымдастығы (AIPS) Сочиде өткен қысқы Олимпиаданың үздік спортшыларын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының үздік ер спортшысы болып 28 пайыз дауыс көрсеткішімен норвегиялық биатлоншы Оле-Эйнар Бьорндален атанды. Ол қысқы ойындар барысында екі алтын жеңіп алған. Екінші орында үш алтын және бір қола медаль иемденген ресейлік шорт-трекші Виктор Ан орналасқан. Бұл спортшыға қауымдастық журналистерінің 27 пайызы дауыс берген. Үшінші орында екі алтын және бір күміс еншілеген француз Мартен Фуркад. Мартинге журналистердің 12 пайызы дауыс беріпті.

Сочи Олимпиадасында үш алтын медаль алған Дарья Домрачева 45 пайыз дауыспен әйелдер арасындағы үздік спортшы атаныпты. Екінші орында словениялық тау шаңғышысы Тина Мазе. Қысқы ойындар барысында екі алтын алған Тинаға тілшілердің 21 пайызы дауыс берсе, үшінші орында норвегиялық шаңғышы Марит Бьорген үш алтын медальмен 7 пайыз дауыс жинаған.

Ал, Олимпиада ойындары барысындағы үздік команда деп конькимен жүгіруден командалық жарыста екі алтын алған Нидерланды құрамасы танылды.





  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай