Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Сочидегі сәтсіздіктің негізгі себебі анықталды

03 Сәуір 2014, 18:34
0
Фото lenta-ua.net сайтынан
Фото lenta-ua.net сайтынан

Спорт саласындағы ғалымдар Сочи Олимпиадасындағы қазақстандық спортшылардың сәтсіз нәтижелерін сараптап, оның негізгі себебін анықтады. Дайындық барысында спорт ғылымының көмегіне жүгіну керек еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Студенттік спорт ұлттық федерациясының президенті Қайрат Зәкірияновқа сілтеме жасап. 

"Сол себепті бүгін біз Алматы қаласының әкімімен, білім және ғылым министрімен, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасымен өткен кездесуде спорт бойынша ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін талқыладық", - деді Қ.Зәкірянов Астанада өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, 2001 жылы Мемлекет басшысы қол қойған дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасында осы іспетті институтты құру міндеті жазылған болатын. Алайда 13 жылдың ішінде ешқандай жұмыс атқарылған жоқ. "Міне, қазақстандық спортшылардың сәтсіздігі осыдан басталады", - дейді федерация басшысы.

Қазіргі кезде федерация Алматының географиялық орналасуын ескере отырып, тау шаңғысы туризмі бойынша ғылыми-зерттеу институтын құруды ұсынып отыр. Оған көп қаржы да кетпейді. "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығының тек 10 пайызы ғана медицинаның дамуына байланысты, ал 55 пайызы оның салауатты өмір салтына негізделеді. Сондықтан біз Алматыда денсаулық бойынша ғылыми-зерттеу институтын да ашуды ұсынып отырмыз. Онда адамдар дәрімен емес, спортпен емделсе екен дейміз", - деп атап көрсетті Қ.Зәкірянов.     


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай