ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2019 | 17:57
"Спорт таза болуы тиіс" - норвегиялық комментатор Полтораниннің допинг дауы жайлы
Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтораниннің допинг қабылдады деген айыппен қамалуы күтпеген жайт болды. Норвегиялық TV2 спорт телеарнасының комментатор Кристиан Петтер Пааше Vesti.kz-ке берген сұхбатында осындай пікір айтты.

Естеріңізге салсақ, 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатында полиция бес шаңғышыны тұтқындаған - Полтораниннен бөлек австриялық Макс Хауке мен Доминик Бальдауф, эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъяр абақтыға қамалды. Кейін олар қан допингін қолданғанын мойындап, бостатандыққа шықты.
Артынша Полтораниннің алғашқы бапкері Алексей Наконечный шәкіртінің неге допинг қолданғысы келгенін түсіндіріп, қазақстандықтар алдында кешірім сұрады. Осы дауға іліккен шаңғышылар қазір спорттан уақытша шеттетілді.
"Атақты әрі мықты спортшының осындай жанжалға тап болғаны өте өкінішті. Полторанин - қазіргі замандағы ең үздік шаңғышылардың бірі. Бұл күтпеген жайт, бірақ спорт таза болуы тиіс.
Нақты ережелер мен тәртіп бар. Ол бәрі үшін бірдей. Сондықтан, бәрі әділетті болуы керек. Егер тест нәтижесі допинг бар екенін көрсетсе, соған сай шара қолдану қажет", - деді Пааше.
Қазіргі уақытта шаңғышы отбасымен бірге Мәскеу облысында. Қазақстанға қай уақытта оралатыны белгісіз.
Показать комментарии
Читайте также