Алексей Полторанин допинг-дауға қатысты мәлімдеме жасады

07 Наурыз, 10:09
0
Алексей Полторанин допинг-дауға қатысты мәлімдеме жасады - © Алексей Полторанин. Фото ҚР ҰОК.
© Алексей Полторанин. Фото ҚР ҰОК.

Алексей Полторанин Австрияда болған допинг жанжалдан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазіргі уақытта шаңғышы отбасымен бірге Москва облысында. Қазақстанға қай уақытта оралатыны белгісіз.

"Маған қолдау көрсеткен адамдардың бәріне алғыс білдіргім келеді. Қолдау мен үшін және отбасыма өте маңызды. Көңіл-күйім жоқ, бірақ бұл өтпелі", - деді Алексей Полторанин.

Полтораниннің бапкері Алексей Наконечныйдың айтуынша, спортшы бостандыққа шығу үшін ғана айыпты мойындаған.

"Мен Алексейді жақсы танимын, оны адал әрі парасатты адам ретінде білемін. Ол ешқандай тыйым салынған заттарды қолданбаған және бұл жолы да қолданған жоқ. Оның допинг қолдануға тек ойы туындаған. Ол кінәсін түрмеден тезірек шығу үшін ғана мойындаған. Себебі Алексей түрмеде кешке дейін отырды", - деді Наконечный.

Естеріңізге салсақ, 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатында полиция бес шаңғышыны тұтқындаған - Полтораниннен бөлек австриялық Макс Хауке мен Доминик Бальдауф, эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъяр абақтыға қамалды. Кейін олар қан допингін қолданғанын мойындап, бостатандыққа шықты. Қазір олар спорттан уақытша шеттетілді.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай