Шүменов өзін "ақылды боксшы емес" деген Ковалевке жауап қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шүменов өзін "ақылды боксшы емес" деген Ковалевке жауап қайтарды Бейбіт Шүменов. ©REUTERS

Бейбіт Шүменов WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сергей Ковалевке қарсы жекпе-жекке кез келген уақытта шыға алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, Ресей боксшысы қазақстандықты "ақылды боксшы емес" деп сынаған болатын. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шүменов WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сергей Ковалевке қарсы жекпе-жекке кез келген уақытта шыға алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, Ресей боксшысы қазақстандықты "ақылды боксшы емес" деп сынаған болатын. 

Бейбіт Шүменов бұл сөзге сабырлы қарайтынын айтты. "Сергей Ковалев айтқан сөздерге сабырлы қараймын. Айтқысы келе ме, айта берсін. Мен бәрін сұхбатта емес, шаршы алаңда дәлелдеп үйренгенмін. Онымен жұдырықтасуға қашанда дайынмын, бірақ тек қана алғашқы ауыр салмақ шеңберінде", - деді ол.

Еске сала кетейік, Ресей боксшысы қазақстандықтың Бернард Хопкинспен болған жекпе-жегіне түсінік берген еді. Бұл жекпе-жекте Шүменов WBA суперчемпионы атағын жеңіп ала алмады. "Бернард қайран қаларлықтай болды. Ол әсерлі болды. Оның өте оңай жеңіске жеткенін көрдім. Шүменов ақылсыз боксшы. Ол тек бір соққыға сенеді", - деді Ковалев. 

31 жастағы спортшы Vesti.kz-ге берген сұхбатында шаршы алаңға оралатынын айтқан еді. Бейбіт Шүменов 13 желтоқсанда Лас-Вегаста алғашқы ауыр салмақта тұңғыш рет өнер көрсетеді. Ол өзін кубалық маман Исмаэль Салас жаттықтырып жатқанын айтты. "Мен өзімнің жаңа салмақ дәрежемдегі алғашқы жекпе-жегімді 13 желтоқсан күні Лас-Вегаста өткізгелі отырмын. Қарсыласыма келсек, әзірше маған оны таңдап бере қойған жоқ. Бірақ менің талпынысым - қашанда үздіктермен жұдырықтасу", - деді Шүменов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети