1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Тәліптер ауған әйелдеріне спортпен айналысуға әзірше тыйым салмады 12 қыркүйек 2021, 16:40

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанда әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салу туралы шешімді әзірше шығармаған, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанда әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салу туралы шешімді әзірше шығармаған, - деп хабарлайды TOLO News.

Бұл туралы Ауғанстан крикет кеңесінің төрағасы Азизулла Фазли мәлім етті.

Оның пікірінше, тәліптер әзірше мұндай тыйым салмауы ауған спортшыларына үміт береді. Ол ауғанның спортшы қыздары спортпен айналысып, алдағы жарыстарға қатысады деген үмітін білдірді.  

Еске салайық, тәліптер Ауғанстандағы билікті өз қолына алған кезде әйелдер құқығын құрметтеуге, кек сақтамауға уәде берген болатын. 

Сонымен қатар, таяуда "Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид Ауғанстанның жаңа үкіметінде әйелдерге арналған лауазымдар болады деп уәде еткен еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram