15 мамыр 2022 13:24

Танымал рэп-орындаушы "Астана" клубының бас директоры болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pbcastana.kz Фото: pbcastana.kz

Самсон Аракелян "Астана" баскетбол клубының бас директоры болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клуб сайтына сілтеме жасап.


Самсон Аракелян "Астана" баскетбол клубының бас директоры болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі клуб сайтына сілтеме жасап.

"Клубтың жалғыз құрылтайшысы "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ шешімімен Самсон Аракелян "Астана" кәсіпқой баскетбол клубының бас директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Валерий Тихоненко 13 мамырда клубтың бас директоры қызметінен кеткен.

Самсон Аракелян 1978 жылы 28 наурызда Ақтауда дүниеге келген. Маңғыстау облысы баскетбол федерациясының президенті, FIBA ​​халықаралық баскетбол федерациясының техникалық делегаты. Ол "Астананың" бас директоры қызметіне тағайындалғанға дейін ақтаулық "Каспий" баскетбол клубын басқарған.

Сонымен қатар, Аракелян продюсер және рэп-орындаушы ретінде танымал, ол Big Som лақап атымен өнер көрсетеді. Ол рэпер Скриптониттің YouTube желісіндегі баскетбол туралы "Вечерний 3х3" жобасының атқарушы продюсері болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети