02 қазан 2018 10:31

"Тас-талқанын шығарамын" - МакГрегор Нурмагомедовпен болатын жекпе-жек жайлы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Brendan McDermid © REUTERS/Brendan McDermid

ММА файтері ирландиялық Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен өтетін жекпе-жекте, оның "тас-талқанын шығаратынын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 


ММА файтері ирландиялық Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен өтетін жекпе-жекте, оның "тас-талқанын шығаратынын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Жекпе-жек 6 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 229 турнирі аясында өтеді. Нурмагомедов сәуірде америкалық Эл Яквинтадан тартып алған жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белдеуін қорғайды. 

"Оны дірілдегенше ұрамын. Тас-талқанын шағарамын. Ол шапалаққа да шыдамайды деп ойлаймын. Өзін әуесқой спортшы секілді ұстайды", - деп келтіреді Би-би-си тілшісі Макгрегордың сөзін. 

Хабиб Нурмагомедовтың айтуынша, баспасөз конференциясында оның қарсыласы мас сияқты көрінген. Ол ирландиялық спортшы мұндай жағдайда қалай 25 минут төбелесетінін түсінбейді. Сонымен қатар, Конор МакГрегордың алдыңғы қарсыласы Нейт Диасқа қарағанда ол жекпе-жек кезінде әрдайым жақын жүретінін атап өтті. 

Нурмагомедов өткізген аралас жекпе-жектен 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. UFC бұрынғы чемпионы МакГрегор (21 жеңіс, 3 жаңіліс) 2016 жылдың күзінен ММА жекпе-жегіне шықпаған. 

Ресейдің ММА спортшысы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Түркиядағы Америка елшілігінде виза ала алмағанына қарамастан, оның болмауы ұлының жекпе-жек нәтижесіне әсер етпейтінін айтып отыр.


Noah K. Murray-USA TODAY Sports

UFC атағына үміткер ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландық Конор МакГрегор арасындағы екінші баспасөз конференциясы 4 қазанда Лас-Вегаста өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети