Токио Олимпиадасы: балуан Дәулет Ниязбеков қола жүлдеден қағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы: балуан Дәулет Ниязбеков қола жүлдеден қағылды Фото: Жеңіс Ысқабай / Olympic.kz

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының қола медалі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ниязбеков 65 келіге дейінгі салмақта қола медальді үндістандық Баджранг Пуниямен сарапқа салды. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 0:8 есебімен жеңіліп қалды.   

Бұған дейін ол жұбаныш жекпе-жегінде сенегалдық Адама Диаттемен кездесіп, 10:0 есебімен басым түскен.

Қазақстандық балуан кеше ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңілген еді. Ал 1/8 финалда кубалық Энрике Вальдесті сенімді жеңген болатын.

32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети