Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сон 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Ерлер арасында Қазақстанның жалғыз зілтеміршісі жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Осылайша, Сон қос жаттығу нәтижесі бойынша 294 келіні еңсерді. Бұл нәтижемен ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

22 жастағы Игорь Сон - Алматы облысы Үштөбе қаласының тумасы. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети