26 шілде 2021 08:58

Олимпиада жүлдегері Игорь Сонның жарыс алдында ауыр жарақаты болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Игорь Сон. Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz Игорь Сон. Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Игорь Сонның жарыс алдында ауыр жарақаты болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Игорь Сонның жарыс алдында ауыр жарақаты болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

"Әрине, нәтижеге көңілім толады, медаль үшін күрестік. Бірінші орынды қытайлық, екінші орынды индонезиялық спортшы алды. Алты спортшы үшінші орынға таласты. Тактикалық және психологиялық тұрғыдан мықтысы жеңімпаз болды", - деді бапкер.

Оның айтуынша, дайындық қаңтарда "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында басталған. Екі үміткер болды - Игорь Сон және Ибрагим Берсанов. Сәуірде өткен Азия чемпионатында Игорь Сон жақсы нәтиже көрсетіп, Олимпиада ойындарына лицензия алған.

"Бізде болған негізгі қиындық - Игордың тізесіндегі ауыр жарақаты. Біз емделіп, бабымызға келдік. Дәрігерлерімізге рақмет, бізге көп көмектесті. Осылайша біз осында жеттік", - деді Ахметов.

Еске салайық, 61 келіге дейінгі салмақта Игорь Сон қола медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети