1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Токио Олимпиадасы: Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты 04 тамыз 2021, 09:58

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Жеңіс Ысқабай / olympic.kz Фото: Жеңіс Ысқабай / olympic.kz

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта белдесетін Санаев ширек финалда жапониялық Юки Такахасимен кездескен. Жекпе-жек басында Санаевтың қабағы жарылып, кездесуде жиі үзіліс болды. Қазақстандық балуан соған қарамастан қарсыласынан басым түсті. 

Бұған дейін 1/8 финалда Санаев Гвинеи-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді. 

30 жастағы Санаев Ресейдің Чадан қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Ақтөбе облысы атынан өнер көрсете бастады. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген. Бірақ кейін жұбаныш жекпе-жегіне шығып, тағы да қарсыласына жол берген еді. 

Кейін 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс, 2019 жылы қола медаль алған. 2018 жылы Азия чемпионы атанған.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram