04 тамыз 2021 15:27

Токио Олимпиадасы: балуан Нұрислам Санаев жартылай финалда сүрінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жеңіс Ысқабай / olympic.kz Фото: Жеңіс Ысқабай / olympic.kz

Қазақстан балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында финалға шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында финалға шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равимен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласын 9:2 есебімен жеңіп тұрып, жеңіліп қалды. Енді ол қола медаль үшін тартысқа түседі

Бұған дейін ширек финалда Санаев жапон Юки Такахасиден басым түскен. Ал 1/8 финалда Санаев Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді. 

30 жастағы Санаев Ресейдің Чадан қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Ақтөбе облысы атынан өнер көрсете бастады. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген. Бірақ кейін жұбаныш жекпе-жегіне шығып, тағы да қарсыласына жол берген еді. 

Кейін 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс, 2019 жылы қола медаль алған. 2018 жылы Азия чемпионы атанған.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал бүгін боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль алған.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети