31 тамыз 2018 12:00

Төреші нокаутқа түскен ММА файтерін "тұншықтырды" - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Крым Rush. Прощай оружие" аралас жекпе-жек турнирінде төреші Армен Ананян жекпе-жек өткізу шеберлігін көрсетуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


"Крым Rush. Прощай оружие" аралас жекпе-жек турнирінде төреші Армен Ананян жекпе-жек өткізу шеберлігін көрсетуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға он секундқа созылған Ренат Лятифов пен хорват Карло Капут арасындағы кездесу кезінде болды. Хорват спортшысы бір соққымен қарсыласын нокаутқа түсіріп, соққы беруін одан әрі жалғастырған. Сол сәтте төреші екеуін ажыратып, жекпе-жекті тоқтатты.

Алайда Лятифов кездесудің аяқталғанын мойындамай, жекпе-жекті жалғастыруға тырысқан. Нәтижесінде ол есін жиюға көмектескен төрешіге шабуылдады. Ал төреші Ананян "гильотина" тұншықтыру тәсілін сәтті қолданып, есінен танған спортшыны секунданттардың қолына тапсырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети