22 маусым 2016 10:06

Үлкен дауға қалған Илья Ильинге допингті тамаққа қосып берген болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Седов. © ktk.kz Владимир Седов. © ktk.kz

Соңғы кезде шулы мәлімедемелер жасап жүрген Владимир Седов атлеттердің жаппай қудалануына Алексей Ниді кінәлады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Соңғы кезде шулы мәлімедемелер жасап жүрген Владимир Седов атлеттердің жаппай қудалануына Алексей Ниді кінәлады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бас бапкер спортшылардың ас-ауқатына тыйым салынған препараттарды қасақана қосып жіберуі мүмкін дейді зілтемірші. "Спортшылар асханадан тамақ ішеді. Ал ондағылардың барлығы Алексей Ниге бағынышты. Допингті солар тамаққа қосып жіберуі әбден мүмкін. Сондықтан зілтеміршілердің болашағына балта шапқан бас бапкер кінәлі. Және сол кісі бәріне жауап беруі керек", - деді ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов.

Айта кетейік, Рио олимпиадасына санаулы күндер қалғанда төрт бірдей саңлақ спорттан шеттетіліп отыр. Яғни Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова мен Илья Ильин жазғы ойындарға қатыспауы мүмкін. Бірақ нақты шешім 27 маусымда өтетін халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесінде қабылданады. Сол жерде спортшыларды ақтап ала алмаса, Қазақстан қоржыны соңғы сегіз жылда тірнектеп жиған бес бірдей олимпиада алтынынан айырылып, зілтеміршілер атақ-даңқтан жұрдай болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети