11 мамыр 2020 09:10

"Ұлың сенімен мақтанады". Хабиб жеңілген Фергюсонға қолдау көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/khabib_nurmagomedov © instagram/khabib_nurmagomedov

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонға қолдау көрсетті. Фергюсон кеше UFC 249 турнирінде Джастин Гэтжиден жеңіліп қалған болатын. 


Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонға қолдау көрсетті. Фергюсон кеше UFC 249 турнирінде Джастин Гэтжиден жеңіліп қалған болатын. 

"Не болса да, бәрі артта қалды. Басыңды көтер, Тони, отбасыңда бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Ұлың ер жеткенде, сенімен мақтанады", - деп жазды Нурмагомедов Twitter желісінде. 

Фергюсон Джексонвиллде өткен турнирде отандасы Гэтжиден бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Кездесуден кейін Тони ауруханаға жеткізілген. 

2012 жылдан бері алғаш рет жеңілген Фергюсон Instagram-парақшасында бұл "оның түні болмағанын" айтты. 

"Бусидо кодексі. Спорт оралды. Жауынгер жолы. Жеңіс немесе жеңіліс - өзіңді чемпион секілді ұстау. Менің түнім болмады. Джастин Гэтжиді тамаша жекпе-жекпен құттықтаймын", - деді Фергюсон. 

Нурмагомедов пен Фергюсон 18 сәуірде кездесуі керек болған. Бірақ бұл турнир коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети