07 ақпан 2017 21:57

Универсиада-2017: Хоккейшілеріміз Чехияны жеңіп, финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ерлер арасындағы құрамасы Универсиаданың жартылай финалында Чехияны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.


Қазақстанның ерлер арасындағы құрамасы Универсиаданың жартылай финалында Чехияны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Бүгін, 7 қаңтарда "Халық Аренада" өткен ойын 4:1 есебімен аяқталды. 

Қазақстан құрамасы ойынның басында жеңіліп жатқан. 17-ші минутта Даниэль Арност Универсиаданы өткізіп отырған елдің қақпасына шайба дарытқан бірінші ойыншы болды. Қазақстандық хоккейшілер кейінірек есепті теңестірді - 18-ші минутта Константин Савенков көзге түсті.

Екінші кезеңде көрермен 44 секунд ішінде соғылған екі бірдей шайбаның куәсі болды. 31-ші минутта Дмитрий Гренц Қазақстан құрамасын алға шығарса, Павел Акользин есепті еселей түсті. 

Қорытынды кезеңде қазақстандықтар басымдыққа ие бола тұра, бір ғана шайба салды. 43-ші минутта Алексей Анциферов көзге түсті. 

Ақтық кездесуде қазақстандық спортшылар Ресей хоккейшілерімен ойнайды. Ресейліктер жартылай финалда 4:1 есебімен Канаданы жеңген болатын. Хоккей турнирінің финалы 8 ақпанда сағат 15:00-де басталады. Ал 10:00-де Чехия мен Канада қола медальға таласады.

Бір қызығы, 2015 жылғы Универсиадада Қазақстан мен Ресей финалға шыққан еді. Сөйтіп, ақтық кездесуде Ресей 3:1 есебімен жеңген болатын. Ал үшінші орынға Канада мен Чехия таласып, есеп 6:2 болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети