17 ақпан 2017 11:40

Универсиада билеті арқылы екі бөлмелі пәтер ұтып алған 24 жастағы қыз жылап жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Универсиада билеті арқылы Алматыдан екі бөлмелі пәтер ұтып алған 24 жастағы қызылордалық Жұлдыз Жұмаділова қуанышын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Универсиада билеті арқылы Алматыдан екі бөлмелі пәтер ұтып алған 24 жастағы қызылордалық Жұлдыз Жұмаділова қуанышын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөйтсек, қыз Универсиада өкілдерінің кеңсеге шақыртқанында да пәтер ұтып алғанын білмеген болып шықты. Ол ары кетсе бағалы сыйлық ұтып алған шығармын деп ойлапты.

Универсиада өкілдерімен әңгімесінде ол 7 жыл бұрын Қызылордадан Алматыға келіп, осында қалуды ұйғарғанын айтып берді. Осы жылдар бойы туыстарының үйінде тұрып келіпті. Ал өз баспанасы болмапты. Соңғы 1,5 жылда Жұлдыз банктердің бірінде cash-менеджмент бөлімінде жұмыс істепті.

"Сіз екі бөлмелі пәтер ұтып алдыңыз" деп хабарлағанда, ол "Шын айтасыз ба?" деп, кейін ұтыстың шын екенін білген соң көз жасына ерік берді.

Жұлдыз билетті өзіне емес, әпкесіне алып беріпті. Әпкесі мәнерлеп сырғанау спортын жақсы көреді екен. Жұлдыз 4 билет сатып алып, әпкесіне Денис Теннің өнерін өз көзімен көруі үшін Жаңа жылға сыйлық жасапты. Ал өзі спортқа қызықпайды екен.

"Міне, Жұлдыздың билеті. Тексердік. Жалған билет емес. Ол электрондық төлем арқылы алыпты. Тексердік, Жұлдыздың Универсиадада туысы жоқ, билік құрылымдарында да байланысы жоқ. Осы кісіден сұрап, тексеріп алсаңыздар болады, мұндай бақытты сәттер өмірде болып тұрады", - деді қызды құттықтап жатып Универсиада-2017 билеттеу департаментінің жетекшісі Вадим Дергачев.

Осыдан кейін қыз әпкесіне хабарласты. "Марья Ивановна, не ұтып алғаныма сене аласыз ба? Қандай сый күтіп тұрғанын білесіз бе? Екі бөлмелі пәтер! Шын айтамын! Мені мұнда құттықтап, камераға түсіріп жатыр!", - деп қуанышын бөлісті қыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети