26 қыркүйек 2014 16:00

Ушудан Қазақстан құрамасының бапкері: Біреуге менің орным керек боп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медет Әбжанов. ©vk.com Медет Әбжанов. ©vk.com

Ушудан Қазақстан құрамасының бапкері Медет Әбжанов өзінің волонтер қызға тиіскені туралы жанжалды әлдекімдер мұның орнына басқа маманды шақыру үшін әдейі жасады дейді. Мұндай пікірді бапкер Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 


Ушудан Қазақстан құрамасының бапкері Медет Әбжанов өзінің волонтер қызға тиіскені туралы жанжалды әлдекімдер мұның орнына басқа маманды шақыру үшін әдейі жасады дейді. Мұндай пікірді бапкер Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Еске салайық, бапкер Азия ойындары өтіп жатқан Инчхон қаласын тастап кетуге мәжбүр болды. Ол волонтер қызға тиісіп, оған жыныстық қатынасқа тартатын сурет жіберді деп айыпталып отыр. Бапкердің өзі Азия ойындары барысында болған бұл жағдайды келеңсіз оқиға деп есептеп, оның атын қаралаған адамдарды анықтауға ниетті. 

"Бұл іспен қазіргі уақытта заңгерлер айналысып жатыр, анық-қанығына жететін боламыз. Әрине, мен таңданып тұрмын, менің абыройыммен атыма нұқсан келді. Мен материалдық өтемақы сұрамаймын, мен атыма кір келтірмеуін талап етемін. Келеңсіз жағдай болды. Мен ол қызбен (Азия ойындарындағы ерікті Вика - автор) сөйлесіп алғым келеді, дегенмен мен оған достарым арқылы бұл қателік екенін жеткізгенмін. Менің әйелім мені толық қолдап, сенім білдіріп отыр. Әйелім бұл суретті (Әбжановтың тыржалаңаш тұрған суреті - Авт.) анау қызға емес, өзіне жібергенімді түсініп, сеніп отыр. Мұның барлығы арандатушылық, менің орныма басқа біреуді шақырғылары келеді, кім екенін де білмеймін, сондықтан да мені орнымнан алу біреуге тиімді болып тұрғанына мен сенімдімін. Бірақ қазақстандық БАҚ-та бұл ақпаратты таратқан адам бұл сұраққа жауап беруі керек", - дейді Медет Әбжанов. 

Әбжановтың айтуына қарағанда, Азия ойындары барысында Қазақстан үшу құрамасы бір күміс және бір қола медаль алып, өте сәтті өнер көрсетті. "Жуық арада ушуды Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуы мүмкін. Қазақстанда ушудың болашағы зор, менің онйымша, осыған байланысты дау да шығып отыр - менің орныма басқа адамды дайындап отыр", - дейді бапкер. 

Айта кетейік, Медет Әбжанов үйленген. Әйелімен сегіз жылдан бері бірге тұрады. Қазір оның үш баласы бар. Өзінің әйелімен арақатынасын ол берік, жылы әрі  ынтық дейді. Дәл осындай арақатынас үшін ол өзінің бір ай көрмеген әйеліне жыныстық қатынасқа шақыратын сурет жібергенін айтады. "Мен 22 тамыз күні Алматыға оқу-жаттығу жиындарына кеттім, содан кейін Азия ойындарына жол тарттым. Сол кезден бастап әйелім мені көрмеді. Айтпасаң да түсінікті, баршаңызда да мұндай жағдай болады. Бір-бірімізді сағынамыз. Шыны керек, мен хабарламаны сақтаған жоқпын. Әйеліммен және еріктімен алмасқан барлық хаттарды өшіріп тастадым", - дейді ол. Сондай-ақ Медет Әбжанов ақпарат құралдары хабарлағандай, Оңтүстік Кореядан қуылмаған. Оған тек елден кету ескертілген. Сонымен қатар ол әлі де болса Ұлттық Олимпиада комитеті тарапынан ешқандай мін түспегенін айта кетті.

Еске салайық, XVII Азия ойындары Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар осы уақытқа дейін алты алтын, 8 күміс және 17 қола медаль ұтып алды. Командалық есепте біздің құрамамыз төртінші орында тұр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети