Вишневская нысанадан шатасып, жарыс жолынан шығып қалды

03 Ақпан 2017, 12:58
0
Вишневская нысанадан шатасып, жарыс жолынан шығып қалды - Галина Вишневская. © almaty2017.com
Галина Вишневская. © almaty2017.com

Қазақстандық спортшы Галина Вишневская Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарының 10 шақырымға із қуалай жарысу сайысында нысанадан шатасып, жүлдегерлер қатарынан тыс қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бәсекенің ережесі бойынша спортшылар бірінші нысана көздеу айлағында нысанда екі рет жатып, ал содан кейін екі рет тұрып ату керек болған. Бірақ біздің отандасымыз Галина Вишневская екінші мүмкіндігінде тұрып атып, жарыстың ережесін бұзды.

Негізі, отандасымыз екінші нысана көздеу айлағына келерге дейін көш бастап келе жатқан. Бірақ бұл қателігінен кейін жарысты ұйымдастырушылар Галина Вишневскаяны жарыс жолынан шығарып тастады.

Еске салайық, Галина Вишневская кеше алтын медальді жеңіп алған болатын. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай