Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Юлия Галышева Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне шықты

07 Ақпан 2014, 12:17
0
Юлия Галышева. Фото ©Tengrinews.kz
Юлия Галышева. Фото ©Tengrinews.kz
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының Сочидегі тілшісі

Жалпы бағдарламасына 21,17 ұпай жинаған Юлия іріктеу кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді. Енді ол Олимпиада ойындарының финалдық кезеңінде өнер көрсететін болады. Осы сында еліміздің намысын қорғаған тағы бір спортшысымыз Дарья Рыбалова іріктеу кезеңінде 23-орынға ие болып, жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады. Дегенмен, Дарьяның қысқы ойындарының ақтық сынына шығатын тағы да бір мүмкіндігі бар.

Фристайл спортынан Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне біздің отандасымыздан бөлек, америкалық спортшылар Ханна Кирни, Элиза Утрим, канадалық Максим Дюфур-Лапуан, Хлоя Дюфур-Лапуан, Джастин Дюфур-Лапуан , Одри Робишо француз Перрин Лаффон және ресейлік Регина Рахимовалар шықты. Екінші топта өнер көрсететін қалған фристайлшылар өз бақтарын 8 ақпан күні күні сынайтын болады.

Айта кетейік, Юлия Галышева фристайлдан екі дүркін Азия чемпионы, Әлемді кубогының жүлдегері және Ванкуверде өткен Олимпиада ойындараның қатысушысы болып табылады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай