Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Юлия Галышева сыйақысыз қалмайды

16 Ақпан 2014, 19:40
0
Фото ©Роза Есенкулова
Фото ©Роза Есенкулова
Қазақстандық могулшы Юлия Галышеваға Сочидағы Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін сыйақы берілетін болды. Бұл туралы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев айттты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ертеректе хабарлағанымыздай, Галышева Олимпиада ойындарында жетінші орын алған болатын. Үздіктердің қатарында өнер көрсету үшін бұл спортшыға 0,04 ұпай жетпей қалған.

"Біздің демеушілеріміз бар. Сондықтан да Галышеваны сыйақысыз қалдырмаймыз. Юлияны да мадақтаудың жолын табамыз. Егер ол үздік алтылықтың қатарына енгенде, сөзсіз жүлде үшін таласатын еді. Дегенмен, оның бұл көрсеткет нәтижесін назардан тыс қалдырмаймыз. Дмитрий Рейхард та өзінің бар шеберлігін көрсетіп, бесінші орын алды. Біз таланттарды бағалаймыз", - дейді Есентаев.

Айта кетейік, фристайлдың могул бәсекесінде жетінші орын алған Юлия Галышева жарыс қорытындысынан кейін үлкен спорттан кететіндігін айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Сочиде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалғыз қолаға қол жеткізді. Ол медальды қоржынға мәнерлеп сырғанаушы Тенис Ден салды.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай