20 қаңтар 2014 14:00

Зарина Дияс күн аруы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс. Сурет wtatour.ru сайтынан Зарина Дияс. Сурет wtatour.ru сайтынан

Зарина Дияс Australian Open додасындағы жетістіктерінен кейін ресейлік Sports.ru порталының тұжырымы бойынша "Күн аруы" атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Зарина Дияс өзінің спорттық ғұмырында тұңғыш рет "Үлкен дулыға" додасының үшінші кезеңіне шықты. Соны ескерген Ресейдің аталмыш сайты 20 жасар қазақстандық теннисшінің Australian Open турниріндегі жетістігін сенсацияға балап, "Күннің аруы" деп атады. Толығырақ мына сілтеме бойынша оқисыздар. Бұған дейін хабарланғандай, әлемдік теннис рейтингінде 150-орында тұрған Зарина Дияс жаңа зеландиялық қарсыласы, әлемнің 52-ші ракеткасы Марина Эраковичті екі сеттің ішінде 6:4, 6:0 есептерімен жеңген болатын. Ал үшінші кезеңде қазақстандық теннисші румыниялық Симона Халеппен кездеседі. Өз кезегінде румын аруы Америка құрама штаттарының өкілі Варвара Лепченконың тізе бүктірген. Өкінішке қарай, тағы бір теннисшіміз Галина Воскобоева үшінші кезеңге жолдама ала алмады. Аустралия ашық біріншілігінің екінші кезеңінде әлемнің 18-ракеткасы испаниялық Карлес Суареспен кездесген жерлесіміз үш сеттің қорытындысы бойынша 6:7, 6:3, 6:8 есептерімен жеңіліп қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети