24 наурыз 2014 14:10

Зілтемірші Алмас Өтешов ӘЧ жұлқа көтеру сынының қола медалін алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Өтешов. Сурет: Vesti.kz Алмас Өтешов. Сурет: Vesti.kz

Ауыр атлетикадан әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген қазақстандық зілтемірші Алмас Өтешов жұлқа көтеру сынының кіші қола медалін алады. Ал бұл сында кіші қола медаль алған тағы бір қазақстандық зілтемірші Владимир Седовтың кіші қоласын кіші күміске ауыстырып беретін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Мұндай мәлімет беларусь спортшысы Александр Макаренконың қанынан рұқсат етілмеген дәрінің табылғанынан кейін мәлім болды. Енді бұл спортшы алдағы екі жылдың ішіндегі барлық жарыстардан шеттетіледі. Ауыр атлетикадан Макаренко әлем біріншілігінде 94 келі салмақта өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша төртінші орынға ие болған еді. Ал, жұлқа көтеруде ол 180 келіні бағындырып, кіші медальды иеленген. Макаренконың қанынан допинг табылғаннан соң, кіші алтын медаль ресейлік Александр Ивановқа, күміс Владимир Седовқа, қола болса Алмас Өтешовқа беріледі. Макаренкодан өзге 2013 жылғы әлем чемпионатында тағы бір беларусь зілтеміршісі Катерина Шкуратова да допингпен ұсталды. Оның қанынан рұқсат елітмеген дәрі екінші рет табылғаны үшін, бұл зілтеміршіні мүлде спорттан аластатылды. Айта кетейік, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 12 отандастарымыз допингтің торына түскен . Олардың қатарында ұлттық құрамаға шақыртылып жүрген Александра Аборнева, Александр Зайчиков, Фархад Харки сынды спортшылар бар. Сонымен қатар наурыздың басында Әзірбайжан құрамасының тоғыз спортшысы да допингпен ұсталғаны белгілі болып отыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети