29 тамыз 2020 09:49

Зульфия Чиншанло халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зүльфия Чиншанло. Фото: olympic.kz© Зүльфия Чиншанло. Фото: olympic.kz©

Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық кубокта екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық кубокта екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық жарыс Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. 

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Өзбекстан спортшысы Муаттар Нәбиева 205 келі (95+110) зілтемірді бағындырып, үздік атанды.

Чиншанло жұлқа көтеруде қарсыласына жол берді, ал серпе көтеруде ешкімге есе жіберген жоқ. Осылайша, ол 115 келі көтеріп, күміс медальға ие болды.

Үздік үштікке польшалық Йоанна Лоховская енді (80+105).

Сондай-ақ, бұл халықаралық жарысқа қазақстандық зілтемірші Ибрагим Берсанов те қатысып жатыр. 30 тамызда ол 109 келі салмақта бағын сынайды.

Жарыс онлайн режимде өтіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети