10 жылда алғаш рет: ең құрғақ шөлде қар жауды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жылда алғаш рет: ең құрғақ шөлде қар жауды Фото:depositphotos.com

Чилидің солтүстігіндегі тұрғындар сирек кездесетін табиғи құбылыстың куәсі болды. Әлемдегі ең құрғақ шөлдердің бірі саналатын Атакамада қар жауды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Чилидің солтүстігіндегі тұрғындар сирек кездесетін табиғи құбылыстың куәсі болды. Әлемдегі ең құрғақ шөлдердің бірі саналатын Атакамада қар жауды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Аса ерекше құбылыстың кадрларын ALMA Observatory қызметкерлері X желісінде (бұрынғы Twitter) бөлісті.

"Сену мүмкін емес! Әлемдегі ең құрғақ шөлді қар басты", – делінген хабарламада.

Жоғары орналасқан аудандарда қардың түсуі сирек жағдай емес, бірақ обсерваторияның негізгі ғимараты маңында қар соңғы 10 жылда алғаш рет жауған.

Атакама шөлі – әлемдегі ең құрғақ шөлдердің бірі. Ол Чилидің солтүстігінде, Тынық мұхиты жағалауында, мұхит пен Анд тауларының арасында орналасқан.

Мұнда жауын-шашын өте сирек түседі – кейбір жерлерде жаңбыр бірнеше жыл бойы мүлде жаумайды. Кей учаскелерде жылдық орташа жауын-шашын мөлшері бір миллиметрден аз. Осы себепті Атакама пейзажы Марсты еске салады, тіпті NASA мұнда өз марсоходтарын сынақтан өткізген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

;