АҚШ әуежайында ұшақ аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ әуежайында ұшақ аударылып қалды Бейнеден алынған кадр

Американың Кейп-Код мүйісіндегі әуежайда жеңіл моторлы ұшақ қону кезінде аударылып қалды. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі The Boston Globe басылымына сілтеме жасап.


Американың Кейп-Код мүйісіндегі әуежайда жеңіл моторлы ұшақ қону кезінде аударылып қалды. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі The Boston Globe басылымына сілтеме жасап.

Не болды?

Басылым мәліметінше, апат 7 мамырда жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында болған. Bearhawk LSA-8X ұшағы Кейп-Код Гейтвей әуежайына қону кезінде жолаққа тиіп, аударылып кеткен.

Ақпаратты АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы растаған.

Бортта тек ұшқыш болған, оған жеңіл жарақаттарына байланысты медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

"Пациент біз келгенге дейін ұшақтан өзі шығып, оның қасында тұрды", — деді Хайаннис өрт сөндіру күзетінің лейтенанты.

Госпитальға жатқызу қажеті болмаған. Кейінірек ұшқыш өзін жақсы сезінетінін растаған, десе де ұшақтың өзі зақымдалған.

Әуежайдың жағдайы

БАҚ мәліметінше, апаттан кейін әуежайды уақытша жабуға тура келген. Хайаннис құтқарушылары мен өрт сөндірушілері және Барнстейбл полициясы жанармайдың шағын ағуын тоқтатып, оның ұшу-қону жолағының жанындағы шөпке жайылуына жол бермеген.

Әуежай өкілінің айтуынша, апат ешқандай шығын әкелмеген. Әуежай ұшақ құлағаннан кейін 45 минут өткен соң жұмысын қайта бастаған.

Ұшақтың аударылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеумен АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық басқармасы айналысып жатыр.

Айта кетейік, 6 мамырда Қазақстан аспанында SWISS авиакомпаниясының ұшағы апатты жағдай туралы белгі беріп, Алматы әуежайына шұғыл қонған болатын. Кейінірек әуе тасымалдаушысы оқиғаның себебін түсіндірді.

TengriTravel
;