АҚШ-тың ең егде астронавты Қазақстанға қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: nasa.gov Фото: nasa.gov

АҚШ-тың ең егде астронавты Дональд Петтит 70 жасқа толған туған күнін ерекше атап өтті. Ол Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) жеті ай өткізгеннен кейін Жерге оралды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі SkyNews-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың ең егде астронавты Дональд Петтит 70 жасқа толған туған күнін ерекше атап өтті. Ол Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) жеті ай өткізгеннен кейін Жерге оралды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі SkyNews-ке сілтеме жасап.

Америкалық астронавт Дональд Петтит, сондай-ақ ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Иван Вагнер бар "Союз МС-26" ғарыш кемесі жексенбіде Қазақстанға сәтті қонды. "Роскосмос" агенттігі орбитадан түсу және қону қалыпты режимде өткенін растады.

SkyNews мәліметінше, Дональд Петтит – АҚШ-тың ең егде жастағы белсенді астронавты.

Экипаждың жеті айлық ғылыми миссиясы 2024 жылдың 11 қыркүйегінде басталған. 220 күн ішінде ғарышкерлер Жерді 3520 рет айналып ұшты.

NASA мәліметінше, Дональд Петтит ғарышта металлдарды 3D-басып шығару технологиясын жетілдіруге, су тазарту жүйелерін жақсартуға, өсімдіктердің әртүрлі суару режимдеріндегі өсуін және микрогравитация жағдайындағы оттың мінез-құлқын зерттеуге бағытталған зерттеулермен айналысқан.

Петтит пен Овчинин үшін бұл – төртінші, ал Вагнер үшін екінші ғарыш сапары болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная