БАӘ-де туристер мінген әуе шары құлады, қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Біріккен Араб Әмірліктерінде туристер отырған әуе шары құлап, салдарынан екі шетелдік қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Біріккен Араб Әмірліктерінде туристер отырған әуе шары құлап, салдарынан екі шетелдік қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға экскурсия кезінде болған. 12 адамнан құралған туристер тобы шөл үстінде, Дубай маңында әуе шарымен ұшқан. Жоспарланған ұшу биіктігі 1,2 километр болған.

"Шамамен 40 минут өткен соң шар қатты бір жаққа қисайып, күрт төмен құлап кеткен. Жерге соғылғаннан кейін себет жоғары жылдамдықпен бірнеше рет домалған. Куәгерлердің айтуынша, кейбір жолаушылар құлаған сәтте қауіпсіздік белдіктері үзіліп, себеттен ұшып кеткен. Қалғандары қатты соққы алған, олардың үстіне шардың күмбезі құлаған", – делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған.

Апат салдарынан ер адам мен әйел адам – шетел азаматтары – қаза тапты.

Жарақат алғандар ауыр және орташа ауыр халде жедел жәрдем көліктері және тікұшақтармен ауруханаға жеткізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная