Билік ұсталды деп хабарлаған жолбарыс әйелді талап өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Приядаршини штатында 47 жастағы әйелді жолбарыс талап өлтіргеннен кейін наразылықтар басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Devdiscourse басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Приядаршини штатында 47 жастағы әйелді жолбарыс талап өлтіргеннен кейін наразылықтар басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Devdiscourse басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырған жағдай – трагедияның алдында биліктің жыртқыш ұсталып, адамдарға қауіп төндірмейтіні туралы айтқан мәлімдемесі.

Әйелдің жолбарыс талаған денесі ол жұмыс істеген кофе плантациясынан табылған. Осы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар наразылық ұйымдастырып, биліктен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талап етті. Адамдардың ашуын биліктің бірнеше күн бұрын жергілікті телеарналардан жолбарыстың ұсталғаны туралы сюжет көрсеткені күшейте түскен. Бұл сюжетте жыртқыш енді қауіп төндірмейтіні айтылған болатын.

Жергілікті билік тағы да қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қоршаулар орнатуға және тұрғындарды қорғау үшін жедел әрекет ету тобының бөлімшелерін орналастыруға уәде берді.

Бұған дейін Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Пилибхит жолбарыс қорығында 10 адамды талап өлтірген саңырау жолбарыс ұсталғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная