“Терезелер сынған“. Желіде АҚШ-тағы ұшақ апатының қорқынышты кадрлары пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Терезелер сынған“. Желіде АҚШ-тағы ұшақ апатының қорқынышты кадрлары пайда болды Бейнебаяннан алынған кадр

Желіде Техас штатының Ларедо қаласындағы Loop 20 тасжолында жекеменшік ұшақ апатынан кейінгі құтқару операциясының кадрлары пайда болды. Видеодан куәгерлер мен полиция қызметкерлерінің ұшақтың зақымдалған терезелері арқылы жолаушыларға жетуге тырысып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Tengri Travel.


Желіде Техас штатының Ларедо қаласындағы Loop 20 тасжолында жекеменшік ұшақ апатынан кейінгі құтқару операциясының кадрлары пайда болды. Видеодан куәгерлер мен полиция қызметкерлерінің ұшақтың зақымдалған терезелері арқылы жолаушыларға жетуге тырысып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

AP News ақпаратынша, Cessna Citation Latitude қос қозғалтқышты ұшағы Мексиканың Сан-Хосе-дель-Кабо курортынан Остинге (Техас) бағыт алған. Бортта алты адам болған. Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат ондар шамасында әуе кемесі автокөлік жолына құлап, жарық бағанасын қағып кеткен, содан кейін жол қоршауына соғылып, қақ бөлінген.

Ұшақтың құйрық жағы фюзеляждан толықтай бөлініп қалып, қатты өрт басталған. Тек Техастың технология және стартап секторларының көшбасшысы Джошуа Баерді ғана аман алып қалу мүмкін болмады. Қалғандары өтіп бара жатқан адамдардың көмегінің арқасында тірі қалды.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып эвакуатор жүргізушісі Иван Франко келген. Бастапқыда ол жолда жай ғана көлік өртеніп жатыр деп ойлаған, бірақ жақынырақ келгенде қираған ұшақты көрген. Ер адам кабинадан балға мен үш өртсөндіргішті алып, полицейлермен бірге ұшақ кабинасына қарай ұмтылған.

"Ұшақтың жарылып кетуі мүмкін екенін түсіндім, бірақ тек терезелерді қалай сындыруды ойладым, ұшқыштар іште болды", - дейді ол.

Жолдан өтіп бара жатқан басқа жүргізушілер ломдар мен темір шыбықтардың көмегімен кептеліп қалған ауыр есіктерді ашуға көмектескен. Лаулаған салоннан бес жолаушыны (олардың арасында жасөспірімдер де бар) және тіпті итті де уақытында эвакуациялау мүмкін болды. Адамдарды алып шыққан бес полицей кейіннен түтінге қатты улануына байланысты ауруханаға жатқызылған.

Құрбандар мен зардап шеккендер

Құтқарушылардың әрекетіне қарамастан, бір адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Қаза тапқан адам - 50 жастағы Джошуа Баер, ол америкалық бизнестегі танымал тұлға, Техастағы ірі Capital Factory технологиялық инкубаторының негізін қалаушы. Баспасөзде оны жиі "Остин стартаптарының өкіл әкесі" деп атайтын.

Бортта болған қалған бес адам қазір ауруханада, жағдайлары тұрақты.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by The Associated Press (AP) (@apnews)

Сондай-ақ ұшақ құлаған кезде тасжолдағы бір жеңіл көлікті қағып кеткен. Оның жүргізушісі жарақат алды, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Апатқа не себеп болуы мүмкін?

Апаттың себептерін ресми тергеуді Федералдық авиация басқармасы (FAA) мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) бастап кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа аз уақыт қалғанда экипаж диспетчерлерге борттағы күрделі ақаулар туралы хабарлаған.

Ларедо әуежайының директоры Гильберто Санчестің айтуынша, ұшқыштар жанармайдың жетіспеушілігі мен электр жабдықтарының жұмысындағы іркілістер туралы мәлімдеген.

"Оларда техникалық ақаулар туындап, диспетчерлік мұнарамен байланыс үзілген, дәл сол сәтте апат болған", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең қауіпті әуежай аталды

TengriTravel
;