Kelisip pishken ton kelte bolmaydy

01 Сәуір, 13:11
0

2018 жылдың 19 ақпанында Елбасымыздың қол қойған әліппе нұсқасы алдыңғы екі нұсқадан әлдеқайда жақсы. Бірақ бұл нұсқаға да реформа қажет деп ойлаймыз, себебі мұнда қала атаулары, веб-сайт атаулары, электрондық пошта, тағысын тағы - бүкіл Интернет саласы өз шешімін дұрыс таба алмайды. 

Ал нұсқаның ең үлкен кемшілігі - егер біз Әлемдік АҚШ клавиатурасына бейімделмесек, латын әліппесінің жағдайы өте мүшкіл болады. Ең бастысы Елбасымыз көтерген Цифрлық Қазақстан дейтін программа Қазақ тілін арманға айналып, айдалада қалатыны сөзсіз. Сондықтан латын әліппесіне көшкенде қазақ латын әліппесі қосымша тіл болып қосылмай, English, Орыс тілдеріндей клавиатурада өз орнында нық отыруға тиіс. Себебі ағылшын тілі - жүйенің тілі, оны біз алып тастай алмаймыз. Орыс тілі экомикамызға сіңіп кетті, ол да қолданыста болуы тиіс. Төртінші тілді айтпағанда, үш тілде ір уақытта компьютермен жұмыс істеу ыңғайсыз екені белгілі.

Кейінгі нұсқаның кейбір кемшіліктеріне тоқталып өтсек:

1. АҚШ-тың халықаралық пернетақтасында Ǵ, Ń, ǵ, ń әріптері жоқ. Ал бұны ұсынған шешу жолдары өте мардымсыз. Бұл әріптер әлемдік стандарттан тыс болып, 26 әріптің санын көбейтіп,қазақдеректер банкісіне кедергі жасайды.

2. Интернетте Ғ, И, Ң мазмұнын білдіретін толық атауларды жаза алмаймыз, мысалы: ғылым, ғалым сияқты веб-сайт атауларында, Интернет-медиасаласында, сол сияқты электрондық поштамызды Ғ, И, Ң сияқты әріптері бар сөздермен ашу, жазу мүмкін емес. Бүгінгі күні өзімізге танымал мемлекеттік вебсайттардың өзі қазақ тіліне тән әріптердің қатысуынсыз жазылған. Мысалы:www.kenes.kzwww.enbek.kz т.с.с... Бұл да қазақ деректер банкісіне кедергі жасайды.

3. Ұ әрпін "U" деп таңбалауөте қолайсыз, себебі біз бүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтаймыз.Ал әлемге әйгілі UN, UNESCO, Europe осы сөзге байланысты Eurosport, Eutelsat т.с.с. сөздер басқа мағанада оқылады. Яғни, бұлай таңбалау орысшада да, ағылшынша да қазақ тіліне керісінше әсерін тигізеді.

 Оған қоса, орыс тілі Интернет саласында төртінші тіл болып саналатынын есте сақтаған жөн. Жалғыз ақ мысал, жиі қолданылатын университет сөзін universitetдеп жазу әлдеқайда қолайлы әрі әдемі. Сол себептен Ұ әріпінÚдеп таңбалаған дұрыс. Жұмбақ - júmbaq, ұзын - úzyn, құлын -qúlyn. Өйткені біз Латын әлеміне кіргенде кездесетін қосымша кедергілерден құтылып, қалыптасқан жағдайдың тәртібін бұзбай кіреміз.

4. У әріптің орнына Ý жазу өте қолайсыз, бұл да бүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтатады. Бүгін кез келген қала, өзен аты тіпті кез келген нәрсенің аты Интернетте 26 латын әріпімен ғана беріледі, сол себебтен У әрпі акутсіз жазылып, Интернетте қысқа (й) не болмаса, (ы) болып оқылуы мүмкін, себебі Интернет қолданушылар браузердегі сөз жолын 26 латын әріпінде қабылдайды. Сондықтан Көкшетау сөзі Интернетте Kokshetay, Ақтау Aqtay, Атырау Atyray, Ақсу Аqsy болып, Көкшетай, Ақтай, Атырай, Ақсы болып оқылады, басқаша оқылуы мүмкін де емес. 

Себебі Интернетте соңғы нұсқамен веб-сайт атауларын біз былай жазуға тиіспіз: kokshetay.kz aqtay.kz atyray.kz aqsy.kz. Ал ең қызығы бүгінгі күні бұлар Интернетте www.kokshetau.kz, www.aqtau.kz, www.atyrau.kz www. aqsu.kz болып жұмыс істеп жатыр. Ал егер біз Интернетте өзгеріс енгіземіз деп тырыссақ, әлем бізді түсінбейді. Қазақтың "Ү" әрпін "Ý" деп белгілесек, сол үйренген қалпында жеңіл қабылдаймыз және сөзге сән мен мән береді. Мысалы: Үй- Ýi, Үкімет Үйі - Ýkimet Ýii. 

5. И,Й әріптердің орнына II жазу қолайсыздық туғызады, себебі біз тағы да бүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтап, латын әлемінде адасып қаламыз. Өйткені Қазақстанда бүкіл дерек банкісі орыс тілінде.

Ал енді біз ұсынған өзгерістерді латын әліппесінеенгізсек, жоғарыда көрсетілген кемшіліктер толығымен жойылады.Оған қоса, өзіндік ерекшеліктері де бар: Мысалы: Ә, Ө,Ү,Ұ әріптерін латын әліппесімен Á, Ó, Ý, Ú таңбаласақ, бұл әріптер тек дауысты әріптер ретінде қосылып, 26 әріптің қатары мен   заңын бұзбай, оқырманға тек қазақ тіліне ғана тән дауысты дыбыстары ретінде қолданылады.

C,X,W әріптері қазақ тіліне қосылып біздің тілімізді байытады, себебі әлемге танымал сөздер сол қалпында Қазақ тіліне енеді. Мысалы: Coca-Cola, Xerox, Washington, New-York, Windows, kW.

Латын әліппесіне көшерде ең бірінші қадам - электрондық саланы қолға алу.

Компьютерлерде Қазақ тілін қолдану саласының қиындықтары бәрімізге мәлім.

 

Суретке қарасақ, бұл Қазақстанда үйреніп қалған пернетақта-оны өзгертпеуіміз керек, өйткені бұл үлкен проблемаға айналады.

Бұл пернетақта кез келген компьютерде және кез келген құралдың терминалында жұмыс істеп тұр, оған смартфондармен телефондарды қоссақ, бұның маңызы арта түседі. Бұл сала тек Елбасымыздың ерекше шешімін күтіп тұр. Біз істің дұрыс шешілуін қалаймыз, себебі бәрі де білім саласынан басталады. Тәжіребеге сүйенсек,біз ұсынып отырған өзгерістер ескерілген әліппиді студенттер бізден де тез меңгерді.

Ресей үкіметі 1968 жылдан бері Латын әліппесіне кириллицасын бейімдеу бойынша он рет жаңартты және соңғы түзету 2013 жылы қабылданды. Бүгін бүкіл Интернет орысша латын әріптерімен сайраптұр, егер қолданушы қателік жіберсе, компьютер түзетуге дейін тырысады. Бұл сәнге құрмет емес, интеграциялық үрдіске табиғи кіру.

Басқа тілдер сияқты көпке созбай QZ доменін қолданысқа енгізуіміз қажет. Себебі кез келген Интернет-технология осы доменмен мемлекеттің байланысын көрсетеді. Бұны екінші қадам айтуға болады, бірақ соңғы бекітілген нұсқада Қазакстан Qazaqstan деп жазылғасын QZ доменіне ешқандай кедергі жоқ. Елбасы әліппенің сапасын көтеру үшін әліде қосымша өзгерістер болады деп бекер айтпаған шығар. Бұл дүниеде қатып қалған ештене жоқ. Жерімізде айналып тұр, Галактикамызда орнында тұрған жоқ. Осындай өзгерістерді дұрыс түсініп,әліппені заманға сай құрал ретінде түсінейік, қадірлі ағайын.

Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетінің ұстаздары:

Получить короткую ссылку




  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай